1 страница14 марта 2024, 17:27

Лоли

Жаңбыр-1

Аспан күркіреп жауып тұр.Күн бұлтты,айнала сұр бейне.Мелиса көше аралап өзінің сүйікті кафесіне бір шыны кофе үшін жүгіріп бара жатыр.Жұмыстан шығар кезде жаңбыр жауатынын білмеп еді байғұс-ай.Енді жан ұшыра тамшылар астында асығып келе жатыр.Көше өте тар еді және жол бойында дүкендер,бар,кафе,ығыстырп салынған үйлер жетерлік.Қара,сұр,қоңыр түсті бір қабат,екі,үш қабатты ағаш үйлер өте әдемі көрінеді.адамдар көп әрине олар жұмыстарын шатыр астында еш алаңсыз жалғастыруда.Осылай тентіректеп бірнеше минуттан соң Мелиса төбесіне ағашқа"Лоли'деп шегелеп қадап қойған кафесіне кірді де үсті басын ретке келтіре орындыққа отыра кетті.Сәлден сон жанына даяшы жігіт келді.
-Саламатсызба-деп даяша қызға меню ұсынды.
-Саламатсызба,маған бір кофе..латте-деп жымиды да даяшыға қарады.Шамасы жаңбыр қыздың көңіл-күйіне түк зарар тигізбеген секілді.Ой әрине!..әрине,Мелиса жаңбырды жанындай жақсы көреді. Оның иісі тіпті жанға жағымды,рахат сыйлайды.Тырсылдаған дыбысын естіп тыныштықты сезеді.Егер өлерде ашулы күйде болып тұрған кезде жаңбыр дыбысын естісе сабасына түсе қалатын секілді.Бірақ оның үйіне жақын тұратын көршілері осы кезге дейін қыздың бұлқан-талқан болып жынданғанын көрмепті.
-Жақсы,қазір дайын болады-деді де даяшы кетті.Терезеге қараса адамдар жүріп,жүгіріп асығуда.

1 страница14 марта 2024, 17:27