1 страница10 июля 2025, 10:12

Күтпеген жағдай

Жаз мезгілі.Ауа ылғалды, күні-бойы жауған жаңбырдың иісі топыраққа сіңіп, әлемге жаңа иіс әкелгендей күй кештіреді.Жаңбырлы күн– адамның көңіл-күйін тыныштандырып, керемет күйге бөлендіреді.Ләйлім.Ол өте ақылды қыз.Тек ақылды ғана емес, сөзшең, әдемі, сыпайы, және мейірімді қыз.Келесі жылы 23ке толады.Бірақ көңілі сол баяғы 18 жастағы қыздың күйімен қалып кеткендей.Оқуын аяқтаған соң, жұмыс жасауға кірісті.Ол дизайн, қолөнер бұйымдарымен, мүсіндеу, тоқу, тігу секілді жұмыстарды атқарғанды жақсы көреді, құдды бір оның тұла бойына осы өнерді төккендей.

Күннің сәулесі әлі жоқ, бірақ аспандағы сұр бұлт жанды тыныштандырады.Оның бөлмесі өзі секілді қою, әрі тұйық.Бірақ оның ішкі жан дүниесі күн сәулелі, әдемі бақшаның әлеміндей әсем бейнені береді.Иә, бұл жігіттің есімі–Дарын.Адамдармен ұзақ сөйлескенді ұнатпаса да, терең ойға шомылудан, тыныштықта жұмыс жасаудан еш жалықпайды.Бос кезінде өз бөлмесінде гитарамен, пианиномен әртүрлі жеңіл әуендерді ойнағанды ұнатады.Себебі музыкалық аспаптар Дарынның көңіл-күйін тыныштандырады.

Ол қызды бүгін қандай күн күтіп тұрғанын ешкім  білмейді.Ата-анасы ақырын сыпайы түрде қызын төменгі қабаттағы қонақ бөлмеге шақырды.
-Қызым, Ләйлім, қызым!-деді ата-анасы.
-Иә, анашым, келе жатырмын-деді қызы Ләйлім.

Төменгі қабатқа қарай түсіп, қонақ бөлмеге кірді.Ақырын қадаммен бос орындыққа келіп жайғасты.

1 страница10 июля 2025, 10:12