4 страница10 июля 2025, 10:34

Ата-ана бақыты

Күндер өтуде.Лияр мен Дияр әлі де өсіп жатыр.Өсе келе тәтті қылықтары, әрекеттері, былдырлап сөйлегендері ата-анасының жүрегін елжіретті.Тәтті балақайлардың шынайы күлкілері жүректі жаулап алады, олардың көздері шынайы әрі, терең теңіз секілді тұнық болып көрінеді.Ләйлім мен Дарын ата-ана бақытын сезінген сәттен бастап, балаларына деген махаббаты одан сайын күшейе түсті.Балаларына жақсы тәрбие мен ізгі қасиетті дарыту-олардың басты мақсаты болды.

Арада 2 жыл өтті.Лияр мен Диярдың 2 жасқа толу туған күні жақындап қалды.Өмір қызық иә, кеше ғана сәби болған періштелер, міне бүгін 2 жасқа толады.Екі періштенің туған күніне ата-анасы мен ата-әжесі қызу дайындалып жатыр.Әдемі шарлар үрлеп, тәтті тағамдарға толы дастархан жайып, әртүрлі сыйлықтар дайындады.Туған күн иелері кішкентай періштелерді сәнді киіндірді, әдемі шаш үлгісін жасады.Әне-міне дегенше, туған күнді тойлау уақыты таяп қалды.
-Қане, тортқа шам жағыңдар, тезірек-деді әжесі.
-Мінекей, қане балалар кіріңдер-деді әкесі Дарын.

Ақырын ғана қадаммен, екі періштесі сәнді бөлме мен әдемі дастарханға тамсана көз салып, шам жағылған тортты екеуі бірге үрледі.

-Туған күндеріңмен алтындарым менің-деп Ләйлім анасы, екі балаларының беттерін кезек-кезек сүйіп құшақтады.

-Ал, менің алтындарым, періштелерім, мынау сендерге сыйлық, "екі түрлі түспен сомакат" деп әкесі екі періштесін қуантты.

-Жандарым, немерелерім менің, мына сыйлық сендерге деп, атасы мен әжесі жиен немерелеріне екі ойыншық үйшік пен ойыншықтар сыйлады, немерелерін кезек-кезек құшақтады.

-Ата, Әже, Әке, Анашым-сіздерге көп рахмет, біздің туған күнімізді ерекше атап, сыйлық бергендеріңізге көп рахмет, біз сіздерді жақсы көреміз-деп екі періштесі ізгі пікірлерін айтты.

-Жандарым менің алтындарым деп-тағы да Әжесі құшақтап сүйіп алды.

Әдемі дастарханға бақытты отбасы жайғасып, тәтті тағамдардан бастап жеді.Қызықты әңгімелер айтып, әртүрлі ойындар ойнады.

Кеш батты.Туған күн тойлау аяқталды.Екі періште қатты шаршамаса да, өз бөлмелерінде әлі ояу жүр.Сәлден соң есіктен Дарын әкесі балаларының бөлмесіне кірді.

-Әкешім, әкетай-деп Лияр әкесі Дарынға жүгіріп шықты.
-Жаным, қызым менің-деп қызының маңдайынан  Әкесі иіскеді.

-Әке, бізге ертегі айтып берші-деді Дияр сүйкімді көзбен қарап.

-Ал, жарайды балапандар, керуеттеріңе жатып, менің керемет ертегімді тыңдауға дайын болыңдар-деді Дарын күлімсіреп айтып.

-Әке, біз дайынбыз-деді Лияр тапжылмай керуетте жатып.

-Ал, үнсіз ғана, тыныштықта тыңдандар-деді Дарын.
-Ерте, ерте, ертеде, кішкене ғана шағын үйшікте кішкентай қыз өмір сүріпті.Ата-анасы күнде таңертең азық-түлік алып келу үшін 2 сағатқа қаладағы базарға кетіп қалады.Күндердің бір күнінде, ата-анасы тағы да базарға кетіп қалады.Кетпес бұрын, қызына:
-Қызым, үйде бол, ешқайда шықпа, ешкімге есік ашпа-деп ескертіп айтады.
-Жақсы, анашым-деп қызы есікті кілттеп алады.

Бірнеше уақыттан соң, қыз жалыға бастайды.Сөреден қағаз бен қалам алып, өз армандарын толтырып жаза бастайды.Аяқтап жазып болған соң, қағазды қайтадан сөреге салып қояды.
2сағат өткен соң, қыздың ата-анасы қуанышты күйде келеді.
-Қызым, саған бірнәрсе айтуымыз керек-деді анасы қуанышты күйде күліп.
-Иә, анашым айта бер-деді қызы.
-Қызым, біз бүгін базарға бара жатып, бір қап алтын тауып алдық.Ол алтынның иесін ұзақ іздедік, бірақ таппадық.Бұл алтынды мына Құдайдың бізге берген сыйы деп біліп, үйге алып келдік.Алайда, енді бұл алтынның иесі сен боласың деп-анасы қызына алтынды ұсынды.
-Бірақ анашым, бұл...көп ғой-деді қызы.
-Жоқ, қызым сен бұл алтынды алуға лайықтысың, сен осы өмірді әріқарай сүруің үшін бұл алтындар саған керек алтыным, біздің қолымызды қайтарма деп-әкесі мен анасы алтынды қыздарына берді.
-Рахмет, анашым-әкешім-деп қызы ата-анасына алғысын білдірді.-деп Дарын өз ертегісін аяқтады.
Балалар тәтті болып ұйқыға кетті.Есікті жаймен жауып, өз бөлмесіне кетіп қалды.

Сағат түңгі 3:00.Отбасы мүшелерінің барлығы шырт ұйқыда.Шаршағандары соншалық, ызындаған масаның да дауысын естімейді.Бұл уақыт ол үшін ең қолайлы уақыттардың бірі болды.Балалардың бөлмесінің терезесі ашық болатын.Дарын әкесі жабуды ұмытып кетті.
-Көздеген мақсатыма енді жеттім, кек алмай қоймаймын, сол күні Ләйлімді іздеуге шықпағаныңда оның көзін сол уақытта құртар едім.Бірақ, енді бұл сәтті сендерге 2 есе қайтаратын боламын, 2 есе қиналатын боларсыңдар деп-құданың баласы Шыңғыс ызалы күлді.
Қара сөмкесіндегі ұзын арқаның алып, балалар жатқан бөлменің балконның сатысына қарай көздеп лақтырды.Дәл солай, арқанмен балалардың бөлмесіне қарай көтеріліп, бөлмеге қарай кірді.Балалар терең ұйқыда ұйықтап жатыр.Бұл сәт Шыңғыс үшін қолайлы сәт болатын.Балалар оянып кетпес үшін оларды тағы 1 күнге ұйықтатын дәрімен талдырды.Кейін, балаларды ақырын сыртқа алып шықты.Ізін жою үшін, ешқандай дәлел қалдырмай, барлығын қайта бұрынғыша етіп қалдырды.
Шыңғыс балаларды көлікке отырғызып, оларды жетімдер үйіне әкелді.Іштегі басшымен ақша арқылы келісіп, балалардың тегі мен атын ауыстырды.Балаларға жалған құжат жасатты.Кейін, балаларды қала сыртынан бөлек, ешкімге таныс емес, аяқ баспаған жалғыз үйге әкеліп тастады.Сол жерде 1 күн қондырып, кейін басқа елге алып кетуді шешті.
Таң атты.Күн шуағы жарқырап тұрса да, балалардың жоғалып кеткенін отбасы мүшелері әлі білмеген еді.
-Жаан, жаным, қайырлы таң-деп Ләйлім сүйікті күйеуінің ернін сүйді.
-Ммм, жаным, жаным, қайырлы таң-деді Дарын.
-Жан, бүгін балалармен бірге, пикник жасасақ қайтеді, әдемі фотосуреттер жасап дегендей-деп Ләйлім өз ойын айтты.
-Жақсы, жаным, қарсы емеспін-деді Дарын.
-Қане, балаларды оятайық, тұрды ма екен?/көрейік деді Ләйлім.
-Жүр жаным-деді Дарын.

Дарын мен Ләйлім балаларын ояту үшін, бөлмеге қарай беттей кіре бастады.Бөлмеге кірсе, балалар жоқ, төсек жинақы, еш мыжылмай тұр, терезе ашық.
-ЖООҚ, жооқ, балаларым, балалар қайдасыңдар? балалар????😭😭😭 балаларыыым, Дарыын, біздің балаларымыз қайдаааа???-деп Ләйлім бөлме үшін төңкерді.
-Жан, жаныыым, сабыр сақта, балаларды табамыз, уайымдама жаным-деді Дарын.
-Уаймдама? Сен қалай УАЙЫМДАМА ДЕП ТҰРСЫҢ? Балаларым жоқ, ұрлап кетті, қалай тынышталам, жаным, қалаййй?????😭😭😭😩-деп Ләйлімнің күйі нашарлай түсті.
-ТЕРЕЗЕ, терезе, терезе арқылы ұрлаған, терезе жан, терезе ашық-деді Дарын.
-Кім, кім, кім біздің балаларымызды ұрлады, кім?-деп Ләйлім айқайлай түсті.

Дарын мен Ләйлім балаларды іздестіруге жолға шықты, полиция, аурухана арқылы байланысқа шығып, кірісті.Бірақ ешқандай хабар алмады.Бір сәтте, полиция қызметкері, Дарынға хабарласты:
-Дарын мырза, сізге айтар жаңалығым бар-деді полиция қызметкері.
-Иә, айта беріңіз, тыңдап тұрмын-деді Дарын.
-Біз, теңіз жағасынан, сіздердің балаларыңызға ұқсас дене мәйіттерін таптық, жас шамасы 2 жасты құрайды, дене мәйіттері ісіп, көгеріп кеткен-деді Полиция қызметкері.
-Жоқ, олай емес, ол басқа дене шығар, мүмкін емес, мен қазір барамын-деді Дарын.
-Жаным, не болды? Полиция қызметкері не деді?-деді Ләйлім таңғала.
-Полиция қызметкері, балаларымызға ұқсас, теңіз жағасынан дене мәйіттерін тапқан-деді Дарын дірілдеп айтып.
-Жоқ, жоқ, олай емес, біздің балалар емес-менде сенімен барамын деді-Ләйлім.

-Жүр, кеттік жаным деп Дарын мен Ләйлім болған оқиғаға келді.Денелерді көргенде көз жастары төгіле түсті.
-Дарын, бұл біздің балалар ма?-деді Ләйлім.
-Мен білмеймін жаным-деді Дарын.
Көп ұзамай, дене мәйіттерінің бір бөлігімен, Дарын мен Ләйлім сараптама жасатты.Алайда, бұл істің артында Шыңғыс болды.Ол сараптаманы сәйкес еткізіп көрсету үшін, жалған, көшірме сараптама жасатты.Осы арқылы Дарын мен Ләйлім қатты қайғырды.Балаларынан айырылғанына мүлде сенбеді.

-Мен енді балаларымсыз қалай өмір сүрем, қалай өмір сүрем жаным, Дарын, біздің байлығымыз, біздің алтындарымыз бізді тастап кетті, кішкентай періштелерім, неге тастап кеттіңдер-деп Ләйлімнің жан-дүниесі өртенген өліктей солды, еш күші қалмады, құдлы бір жанын тәнінен суырып алғандай, күйге түсірді.
-Жаным, балаларымды қатты сағындым, оларды қатты сағындым, оларсыз енді өмір сүре алмаспын, біздің алтындай періштелеріміз қайда? Қайдасыңдар періштелерім, неге бізді тастап кеттіңдер?-деп Дарын одан әрі жылай түсті.
Екі жұп, бір-бірін жұбату үшін құшақтасып отырды, балаларын қатты сағынды.Алайда, өмірдің сынағы ретінде қабылдап, әріқарай өмір сүруді жалғастырды.

Арада 1 жыл өтті.Ләйлім мен Дарын араға бір жыл салып, дүниеге қыз әкелді.Балаларының жоқтығын қызы сәл де болсын толықтырды.Жүректерінде балаларына деген сағыныш еш сөнбеді.Мәңгілік сақталды.

1жыл артқа келер болсақ, Шыңғыс, балаларды ұрлап кеткеннен кейін, балаларды шет елге жалған құжат арқылы өткізіп, апарған болатын.Олардың аты мен тегін өзгертті.Бірақ, көп ұзамай, бұл ұзаққа бармаған соң, балалар өз есімдерінде қала берді.Шыңғыс балаларды Америкаға әкелген болатын.Оларды бомжардың арасына тастап, олардың қиналып өмір сүруін қалады.Күндер өте берді, көшеде бір әйел келе жатып, екі кішкентай баланың жалғыз екенін көріп, үйіне пана етті.Оларға қамқор болып, өсірді.Балалар да, әйелге бауыр баса бастады.

20 жыл өткен соң.
20жыл өтті.Дарын мен Ләйлімнің қызы Айдын, бой жетіп өсті.Әне-міне дегенше, университет бітірді.Ақыры мамандық бойынша жұмыс жасау үшін шет ел аралады.Ата-анасын да қуантып отырды.Айдынның мамандығы заңгер.Айдын, детектив, қылмыстық істердің сырын ашқанды ұнататын.

4 страница10 июля 2025, 10:34